Францияда ереуілге шыққандар 100-ден астам полицейді жарақаттады

Ғалиасқар Думан

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллиондаған адам қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Фото: дереккөзден

Наразылық акцияларында 100-ден астам полицей мен жандарм жарақат алды.

Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, Парижде 20 тәртіп сақшысы жараланған. Бүкіл ел бойынша 300-ге жуық демонстрант ұсталды.

ІІМ келтірген мәлімет бойынша, Франциядағы шерулерге барлығы 800 мыңға жуық адам қатысқан. Ұйымдастырушылар одан әлдеқайда көп - 2 миллионнан астам деп есептейді және бүкілхалықтық наразылық акциясы деп атады.

Зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке дейін ұлғайтып, бірқатар арнайы зейнетақы режимдерін алып тастайтын зейнетақы реформасы туралы заң күзде күшіне енбек. Үкіметтің дауысқа салмай көтерген бастамасы бүкіл елде наразылық тудырды.

Демонстранттар күштеп енгізгелі жатқан реформаға қарсылығын табанды түрде білдіріп, биліктің француз халқын қорлайтын бастамасына тоқтатуға ниетті.