Анкарада Ресей мен Украина делегациясының мүшелері жаға жыртыса жаздады

Ғалиасқар Думан

4 мамырда Анкарада өткен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының (ПАЧЭС) саммитінде Украина мен Ресей делегацияларының мүшелері арасында жанжал болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Focus.ua

Кеудесіне “георгий лентасын” таққан Мемлекеттік Дума депутаты Ольга Тимофееваның сөйлеп жатқан кезде украин делегациясының мүшелері оның артында жалауларын жайып, Ресейге қарсы ұрандарды айта бастады.

Ассамблеяға төрағалық ететін Түркия парламентінің спикері Мұстафа Шентоп араласып, отырысқа қатысушыларды тыныштыққа шақырды.

"Бұл жерде жаман ештеңе жоқ. Алайда, егер акциялар өткізуге талпыныс жасалса, бүгінгі жиналыс алаңы парламенттік іс-шара болмай, көше қозғалысына айналады", - деп атап өтті түрік спикері.

Кейінірек кулуарда украиндар мен орыстар арасында одан да қызу жанжал өрбіді.