Ресейдегі өрт салдарынан Қостанай облысын түтін басып қалды

Ulysmedia

Қостанай тұрғындары көшедегі түтін мен өрт иісіне шағымдануда. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Облыстық ТЖД түтіннің жайылуына Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы табиғи өрттер себеп болғанын түсіндірді.

"Ресей Федерациясының аумағында (Қорған және Түмен облыстары) табиғи өрттердің салдарынан аймақты түтін басып қалды", - деп түсіндірді ведомствода түтіннің шығу себебін.

Еске салайық, 29 сәуір күні таңертең елорда тұрғындары қала үстін басып қалған, қайдан шыққаны белгісіз қою түтінді байқаған.

Дәл осы күні көршілес Ресейдегі орман өртінен Қостанай облысының солтүстік бөлігін түтін басып қалды.