Ішкі істер министрлігі атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрген.
«Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері жоқ. Оқиға орнында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін түнде белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылып, түгі қалмай өртеніп кетті.