"Неге аз дейсіздер?": билік "Байқоңырды" жалға беру ақысын жария етті

Ғалиасқар Думан

 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру ақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Байқоңыр» ғарыш айлағында кеңестік кезеңнен қалған ұшыру алаңдары бар. Ұшыру кешендерінің өзі нақты үлгідегі зымыран тасығыштарға арналған. Сондықтан онда арнаулы зымыран тасығыштар пайдаланылып келеді. Оларды басқа мақсаттарда пайдаланудың балама бағыттары жоқ, яғни техникалық тұрғыда мүмкін емес», - деді М. Олжабаев Сенат кулуарында.

Вице-министрдің сөзінше, жалға алу шартында ғарыш айлағы қызметіне қазақстандық мамандарды жұмылдыру ескерілген. Сондай-ақ, ол зымыран тасығыш ұшырылғаннан кейін, экологиялық жағдайға бақылау жасауға ерекше мән беріліп отырғанына сендірді.

«Бүгінгі таңда ғарыш айлағын жалға беру құны – жылына 115 миллион доллар. Егер инфляция туралы айтатын болсақ, бұл төлем доллармен есептеледі. Ал ұлттық валютада болса да, қазіргі бағам бойынша есептеліп отырады. Теңгедегі баға 1994 жылдан бері айтарлықтай өсті. Неге сіздер аз (жалға беру ақысын – ред.)дейсіздер?», - деді Мәлік Олжабеков.