Қазақстанның бес боксшысы финалға шығу үшін таласады

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның бес боксшысы Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалда бағын сынайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қазақ боксшыларынан Астана уақытымен сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады. Санжар аса жеңіл салмақта Ресейдің төрт дүркін чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістіреді.

Іле-шала Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионы әрі екі мәрте жүлдегері, кубалық Йосвани Вейтиямен финалға шығу шығу таласады. Дулат Бекбауовқа (67 кг) грузиялық Лаша Гурули қарсы тұрмақ.

Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) үндістандық Нишант Девтен өтуге тырыспақ. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.