Қазақстанда автогаз 20%-ға қымбаттайды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Энергетика министрлігі бұйрығының жобасында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 40 320,00 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін", – делінген құжатта.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газының бүгінгі шекті бағасы тоннасы үшін - 33 600 теңге.

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілмек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның 5 өңірінде автогаз қымбаттағаны хабарланған.