Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған бөлім басшысына үкім шықты

Ғалиасқар Думан

Кәсіпкерден пара алған аудандық құрылыс бөлімінің басшысына үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев «Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс» объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бәйдібек аудандық сотының үкімімен шенеунік параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.