Талдықорған «Q-net» қаржы пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

Ғалиасқар Думан

Қаржы пирамидасын құрды және басқарды күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталған.

Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.