Қазақстаннан жанармай әкетуге қойылған шектеу мерзімі ұзарады

Ғалиасқар Думан

Елімізден бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін жеке көлікпен шығаруға салынған шектеу 6 айға ұзармақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығының жобасында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Құжатта бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан көлік құралдарын дайындаушы зауыттың стандарттарына сәйкес келмейтін бензин бактарында (яғни, қосымша орнатылған - ред.) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынаты жазылған.

Авиациялық отын үлгілеріне (сынамаларына) және көлемі көрсетілген хат болған жағдайда өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды шығаруға шектеу қойылмайды.

Айта кетейік, бұндай шектеу алғаш рет биыл ақпан айының басында 4 ай мерзіммен қолданысқа енген болатын.