Қазақстан банктеріндегі бизнес салымдары азайды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі бизнестің салымдары 2023 жылғы 1 мамырда 1 сәуірмен салыстырғанда 3%-ға азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"2023 жылғы мамырда Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі заңды тұлғалардың салымдары 403 млрд теңгеге немесе 3%-ға азайып,13,78 трлн теңгені құрады", - дделінген Ұлттық банк есебінде.

Есепке сәйкес, жеке тұлғалардың салымдары 79 млрд теңгеге өсіп, 13,78 трлн теңгеге жетті. Ал банктердің меншікті капиталы да 207 млрд теңгеге өсіп, 5,9 трлн теңгені құрады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда депозиттік салымдар көлемі қысқарғаны хабарланған.