Анкарада Түркияның қайта сайланған президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (парламентінде) салтанатты түрде ант қабылдады.
Алдымен ол ел парламентінің уақытша төрағасы Девлет Бахчелиден мандатын алып, кейін ант берді.
28 мамырда өткен президенттік сайлауда қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанның өкілеттігі 2028 жылға дейін созылады.
Түркия астанасында (Анкара) қатты жел мен бұршақ жауып тұр, сондықтан көшеде адам көп емес.
Ұлықтау рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің басшысы Ахмет Энер ОСК президенттік сайлауға байланысты барлық шағымдар мен өтініштер бойынша шешім қабылдағанын айтты.