Ердоған 17 министрдің екеуін ғана орнында қалдырды

Ғалиасқар Думан

Түркия президенті болып қайта сайланған Режеп Тайып Ердоған ел үкіметінің құрамын түгелдей дерлік жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Анадолыға» сілтеме жасап.

Twitter

Түркия президенті 17 министрдің 15-сін лауазымынан алып тастады.Сонымен, Түркияның жаңа вице-президенті болып Джевдет Йылмаз тағайындалды, түрік СІМ басшысы Хакан Фидан болды, ол бұрын Ұлттық барлау ұйымының (MIT) басшысы, ішкі істер министрі - Ыстамбұл провинциясының бұрынғы губернаторы Али Ерликай. Қорғаныс министрі болып бұрын ел ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарған Яшар Гюлер тағайындалды.

Қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек, Әділет министрлігінің басшысы - Йылмаз Тунч болды. Қоршаған ортаны қорғау министрі лауазымына Мехмет Өзхасеки тағайындалды, Алпарслан Байрактар Энергетика министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

17 министрдің тек екеуі қызметінде қалды. Ол Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.

Еске салайық, 3 маусымда Анкарада Түркияның қайта сайланған президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан президенті арнайы барып қатысты.