Мамырда Қазақстанның төрт қаласында пәтер қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Krisha.kz мәліметінше, өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құраған. Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.
Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы:
Алматыда — 706 мың
Астанада — 475 мың
Шымкентте — 433 мың.
Ең төмені – Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.
Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттады: +0,4 %.
Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2 %, ең төмені Көкшетауда — 3,3 %.
Жалпы бес айда 12 қалада баспана қымбаттаған, соның ішінде Алматыда, Шымкентте - 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада — 1,7 % арзандаған.
Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) екінші нарық орташа 3,8 %-ға қымбаттаған.
Ең үлкен өсім Ақтауда - 13,4 %. Ең төмені Талдықорғанда — 5,2 %.
Айта кетейік, бұдан бұрын үкіметте тұрғын үй салу жоспарын орындамаған өңірлер аталған болатын.