Ресейдің НАТО-дағы миссиясы екі есеге қысқартылып, сегіз дипломат қатардан шығарылады. Олар тыңшылық жасаған деген күдікке ілінген. Дипломаттар қазан айының соңына дейін Брюссельді тастап кетуі тиіс, деп хабарлайды euronews .
Бұдан бұрын британдық БАҚ ресейліктердің НАТО миссиясынан шығарылатыны туралы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлаған болатын.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко мұндай қадамнан кейін сенім дағдарысы туралы мәлімдеді: «Егер бұрын НАТО-ның мәлімдемелерінің шынайылығына біреу сенген болса, бүгінде мұндай жоқ», - деп атап өтті дипломат.
Тараптар арасындағы диалог 2014 жылы Украина дағдарысынан кейін күрт нашарлады. Әскери альянс елшілер деңгейінде ғана саяси байланыстарды сақтай отырып, Ресеймен ынтымақтастық тоқтатылғанын жариялады. Одақ 2018 жылдан бері Ресей дипломатиялық миссиясының санын бірнеше рет қысқартты. Ресейдің НАТО-да тұрақты өкілі жоқ.