Павлодар облысында мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті

Ғалиасқар Думан

Ақсу ауылдық аймағында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

Облыстық ТД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 12.00-де 8 маусым күні сағат 19:45 шамасында Жолқұдық ауылында Центральная көшесі, 1 а мекенжайы бойынша қатты желден бір қабатты мәдени-демалыс орталығының  шатыры жартылай бұзылғандығы туралы хабарлама түскен.

"Жылдамдығы 17 м/с дейін құраған желдің салдарынан Ақсу қалалық әкімшілігінің қарамағындағы ғимараттың 150 шаршы метр алаңда шатыры ұшып кеткен", – дейді департаменттегілер.

Келтірілген шығын көлемі алдын ала тексеруден және бағалаудан кейін анықталады.