Ұлттық қор – балаларға: депутаттар заң жобасын мақұлдады

Ғалиасқар Думан

Бүгін Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Заң жобасының мақсаты – Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінен балаларға ақшалай жинақ түрінде мемлекеттен алғашқы көмек беру. Кәмелеттік жасқа толғанда балаларға тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу мүмкіндігін беру.

18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады.

Жобаға қатысу үшін қандай да бір мемлекеттік органға жүгінудің қажеті жоқ, есептеулер автоматты түрде жүзеге асырылады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді.

Жинақталған қаражатты он сегіз жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады және төленетін қаражат салық салудан босатылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет Ұлттық қордағы қаржыны 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғаны хабарланған.