Моргенштерннің Бішкектегі концерті өтпейтін болды

Ulysmedia

Бұл туралы ресейлік орындаушы өнер көрсетуі тиіс Alga Fest фестивалінің ұйымдастырушылары Instagram желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бішкектегі ұйымдастырушылардың айтуынша, орындаушы - Әлішер Моргенштерннің өнер көрсетуіне қарсылық білдірген белсенділер тобы наразылық акциясына бастамашы болған. 

«Бір аптадан болды, бізге әртіс пен біздің ұйымға қоқан-лоққы көрсеткен хабарламалар мен қоңыраулар күн сайын келіп жатыр. Бүгін Мәдениет министрлігіне наразылық тобы жетіп, бұл мәселе Жогорку Кенеште де көтерілді. Өкінішке қарай, біз Әлішердің қойылымын тоқтатуға мәжбүр болдық», - дейді ұйымдастырушылар

Сондай-ақ олар бұл шешімге байланысты үлкен шығынға ұшырағандарын, соған қарамастан фестиваль әлі де өтуі үшін билеттер бағасын төмендетуге дайын екендіктерін хабарлады.