«Вагнер» РФ президенті Владимир Путиннің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Жауап жеке әскери компанияның телеграм-арнасында жарияланды.
«Пыпа (Путинді меңзеген) қате таңдау жасады. Өзіне қиын. Бізде таяуда жаңа президент болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеген.