Бас мүфти кәсіпкерлерді бағаны көтермеуге, жеңілдік жасауға шақырды

Ulysmedia

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Оның айтуынша, мерекенің тәрбиелік мәні – Алла Тағалаға сүйіспеншілік таныту.

«Құрбандық шалғанда мұсылман Алла Тағалаға берілген барлық нығметтерге шүкіршілік етеді. Шын ниеті бар мұсылман қасиетті күні құрбандық шалып, құрбандық етін мұқтаж жандарға, мүгедектер мен жетімдерге, көп балалы отбасыларға таратады, олардың алғысын алуға тырысады. Еліміздегі барша кәсіпкерлерді халықтың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, малға тиімді баға ұсынып, азық-түлікке жеңілдіктер жасауға шақырамын. Құрбан айттың басты мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру екенін ұмытпаған жөн», – деді.

Құрбан айт – ислам дінінің тіректерінің бірі саналатын қасиетті Мекке қаласына қажылық сапарының аяқталуына байланысты тойланатын мереке. Ораза біткеннен кейін 70 күнде болады.

Бұған дейін Тоқаевтың Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтағаны хабарланған болатын.