Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар қайықпен алысқа жүзіп кеткен екі балықшыны жағаға шығарып үлгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құтқарушылар екі адам резеңке қайықпен балық аулауға шығып, оларды жел жағадан алып кеткені туралы ақпарат алған.
ТЖД қызметкерлері моторлы қайықтармен апатқа ұшырағандарды іздеуге шығып, балықшыларды балық аулауға барған жағалаудан 4 шақырым қашықтықтан тапты.
Бұған дейін Маңғыстауда суға түсуге тыйым салынған жерде 5 жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған болатын. Салдарынан олардың бірі қайтыс болды.