Павлодарда трамвай жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ғалиасқар Думан

Павлодарда трамвай жаяу адамды қағып, мерт қылды. Рельсті көліктің жүргізушісі апат орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

Полиция мәліметінше, 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

“Оқиғадан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастырып, апат орнынан кетіп қалған. Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді”, - делінген хабарламада.