Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы мен бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот компанияның үш басшысы 2016 жылдан бастап кезекпен экология вице-министрінің қолдауымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.
"Жымқыру пайдаланудан шыққан көлік құралдарын артық құны бойынша кәдеге жарату жөніндегі үлестес науқан қызметтеріне негізсіз ақы төлеу жолымен жасалды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд теңге", - деп хабарлады сот.
Пірімқұлов кабельдік-өткізгіш өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін енгізген заңсыз бұйрыққа қол қойғаны атап өтілді.
Салдарынан 325 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген.
"Осы кезеңде "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылары бұрынғы вице-министрдің көмегімен ЖШС шотындағы 180 млрд теңгені ұрламақ болған. Сотталғандар Қазақстан аумағында аффилиирленген компания 6 қоқыс өртейтін зауыт салу кезінде ұрлық жасауды жоспарлаған. Құрылысты қаржыландыруды сотталғандар 2022 жылға арналған инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына негізсіз енгізді", - делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, екі басшы (біреуіне іздеу жарияланған) дивидендтер алу желеуімен 920 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Светлана Коротенко 7 жылға сотталды. Дәл осындай жазаны Медет Құмарғалиев те алды.
Ахметжан Пірімқұлов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып,7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Рустем Темірбек 2 жылға сотталды. Рақымшылыққа байланысты бұл мерзім оған екі есе қысқартылды.
Бір айта кетерлігі үкімді жариялауға журналистер мен БАҚ өкілдері қатыстырылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, "ӨКМ Операторы" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, Бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Бұрынғы президенттің қызы белгісіз себептермен сотқа тартылған жоқ.
Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.
Тергеушілер "ӨКМ операторының" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде, Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.
Айта кетейік, бұдан бұрын сотталушылар "ӨКМ Операторының" нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған.