Найзағай, жел, бұршақ: мереке күндері ауа райы қандай болады

Ғалиасқар Думан

«Қазгидромет» РМК 6-8 шілде аралығында қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі. 6-7 шілдеде орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Мамандардың айтуынша, еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Батыста және оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайтыны болжанады - +33+42°С дейін.

Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін аздап төмендеуі мүмкін.