Астанада соғысқа қарсы болған ресейлік ұсталды

Ulysmedia

Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросы ресейлік белсенді Андрей Павловтың Астанада ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ресейде оған халықаралық іздеу жарияланғандықтан, ол 72 сағатқа қамауға алынды. Оған «әскердің беделін түсірді» деген айып тағылып отыр.

«Екінші топтағы мүгедек Андрей Павлов Қазақстанға өткен жылдың соңында келген. 4 маусымда Ресейде сырттай тінту және қамауға алу салдарынан ұсталып, 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Павловқа заңгерлік көмек көрсетуде», - деді бюро өкілдері.

Айта кетейік, қазірдің өзінде ұсталған Павлов өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық діни қызметкер қысымға байланысты қызмет етуден бас тартқаны хабарланған болатын.