Қызылордада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ulysmedia

Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов департаменттің жарты жылда атқарған жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қызылорда мен Байқоңырда ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесі ұсталғаны атап өтілді.

Оларға кәсіпкерлерден қорқыту арқылы ақша бопсалады деген айып тағылды. Олар қамауға алынды.

Сондай-ақ алты айда 626 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 33 лауазымды тұлға жазаға тартылып, 3-уі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны нақтыланды.

Бұған дейін Қазақстанда 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау сәуір айында жүргізілген. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі нақты белгіленген рөлдерді орындағаны дәлелденді: есірткіні орау, сақтау, тасымалдау немесе тарату.