Павлодар облысының орман шаруашылығындағы өрт сөндірілді

Ulysmedia

Төтенше жағдайлар министрлігі Ертіс-Орманы орман шаруашылығында шамамен 1,4 га аумақта құрғақ шөп өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Өрт 6 шілде күні таңертең басталған.

«10 қызметкер мен 3 орман шаруашылығы техникасы өрт аумағын жыртып, өрттің шарпуын тоқтатты. Елді мекендерге таралу қаупі жоқ. Өрт сөндіруді орман шаруашылығы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ мамандар барлық табиғи өрттердің 90-95 пайызы адамның кінәсінен болатынын баса айтты.

Бұған дейін Абай ауданындағы қамыс өрті толығымен жойылған болатын.