Ресейлік Tinkoff банкі қазақстандық Freedom Finance банкіне доллармен SWIFT аударымдарын уақытша жүзеге асырмайды, алайда рубль, теңге және юаньмен аударымдарды жалғастыра береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді.
"Біз клиенттерді қазақстандық Freedom Finance банкіне доллармен SWIFT аударымдарын тоқтату туралы хабардар еттік. Шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен бірге рубль, теңге және юаньмен аударымдар жұмысын жалғастыруда", - делінген банк өкілдері мәлімдемесінде.
Бұған дейін Tinkoff Freedom Finance банкіне шетел валютасын аударуға шектеулер енгізген, аударым сомасы бір уақытта 20 000 доллардан аспайы тиіс. 2023 жылдың ақпан айында Тинкофф ЕО санкцияларының шектеулеріне ұшыраған болатын.