Қазақстаннан Ресейге жеткізілген қызанақтардан қауіпті вирус анықталды

Ғалиасқар Думан

Алтай өлкесіне Қазақстаннан вирус жұққан 18 тонна қызанақ жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Россельхознадзордың аймақтық басқармасының сайтында хабарланды.

Сайт мәліметінше, карантиндік зиянды организм анықталған қызанақ Қазақстанда өсірілген. Қауіпті вирустың барын Россельхознадзорға қарасты "ВНИИЗЖ" кәсіпорнының Алтай филиалы жүргізген зертханалық сараптама нәтижелері растады.

Жыл басынан бері бұл Қазақстаннан Алтай өлкесіне әкелінген қызанақта вирус анықталуының үшінші жағдайы. Қауіпті деп танылған көкөністің жалпы салмағаны 51 тоннадан асып жығылды.

Сарапшылар бұл вирусқа қарсы тиімді қорғаныс әдісі жоқ екенін атап өтті. Олардың сөзінше, ол адам денсаулығы үшін қауіпті емес, бірақ өзге көкөністерге үлкен қауіп төндіріп,  егіннің 80 пайызын жоя алады.