Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы екі танымал отандық боксшыны жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаевтың оралтуринабол анаболикалық стероидін қолданғаны әшкереленді. Ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді.
Ал Бангкокта өткен 2023 жылғы Азия жастар чемпионатының күміс жүлдегері Серік Абзал метастеронды қолданғаны үшін 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов та допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген.