"Тергеу басталды": боксшы Шүменовтің Астанада балалы азаматты ұрып-соққаны расталды

Ғалиасқар Думан

Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрып-соққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Боксшының сауда орталығында төбелескені туралы қауесет кеше тарады. Бүгін ақпарат ресми түрде расталды.

"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс "Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп жауап берді ІІМ өкілі.

Сүнтаев төбелес кезінде ер адамның қолындағы баланың зардап шекпегеніне сендірді.

Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Тұрақты әлем чемпионы (2016-2017, 2018-2019) және 1-ші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016). Бұрынғы WBA әлем чемпионы (2013-2014), WBA тұрақты әлем чемпионы (2010-2013) және жеңіл салмақтағы IBA әлем чемпионы (2009-2014). 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Бейбіт тек кәсіби боксшы емес. Ол сонымен қатар менеджер және промоутер. Ол өзінің KZ Event Productions, Inc. компаниясын ағасы Шыңғыс Шуменовпен бірге 2007 жылы Лас-Вегаста ашқан.