Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты

Ulysmedia

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзенінде катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты немесе із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

tass.ru-дың мәліметінше, апатты жағдай 5 қазанға қараған түні болған.

«Өзеннен 51 мәйіт табылды, 69 адам із-түзсіз жоғалды», - дейді Монгала провинциясының өкілі Нестор Магбадо.

Ол 39 адамның аман қалғанын айтты. Билік апаттың құрбандарын еске алу үшін 11 қазаннан бастап үш тәулікке аза тұту күнін жариялады.