Түркия дайындыққа кіріседі: Стамбұлда жойқын зілзала болуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

17 миллион халқы бар Стамбұл қаласы орналасқан Мәрмәр теңізі аймағында магнитудасы 7,2-7,6-ны құрайтын жер сілкінісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

daytimenews.ru

ТАСС агенттігінің жазуынша, түрік билігі Стамбұлды сейсмологтар ескерткен ықтимал жойқын жер сілкінісіне дайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 19 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында Түркияның экология және қала құрылысы министрі Мехмет Өзхасеки мәлім етті.

Оның сөзінше, зілзалаға дайындық жұмыстары келесі аптада басталады.

12 шілдеде Түрік сейсмологі Наджи Герюр  Стамбул орналасқан Мәрмәр теңізі аймағында магнитудасы 7,2-7,6 болатын жер асты дүмпулерін болжаған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзалаі елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен. 

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңнан асты.