Алексей Цой: Қазақстан індеттің 4 толқынынан өтті

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министір Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанның індеттің 4 толқынынан өткенін коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуымен тікелей байланыстыруға болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстан коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуымен тікелей байланысты індеттің 4 толқынынан өтті. Соңғы рет індеттің шарықтау шегінде тәулігіне 7800 адам коронавирус жұқтырған болатын. Коронавирус бойынша уақтылы алдын алу және эпидемиологиялық іс-шаралардың қолға алудың арқасында елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды», - деді Алексей Цой мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, осы жылдың жазынан қарағанда елде қазіргі ахуал едәуір жақсарып қалған. Бүгінгі таңда елде орташа есеппен 2 мың адам індет жұқтырып жатыр.