Қазақстанда колледждерге түсуге қанша үміткерден өтініш қабылданады

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Еліміздің колледждеріне оқуға түсуге үміткерлерден 85 мың өтініш қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдағы оқу жылында 130 мыңнан астам талапкерді колледжде тегін оқумен қамту жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Қазақстандағы 35 мектепте оқу жылына дейін жөндеу жұмыстары аяқталмауы мүмкін екені белгілі болған еді.