Қазақстандықтардың құлдыққа жиі түсу себебі айтылды

Айнель Аянова

ІІМ қазақстандықтардың еңбек және жыныстық құлдыққа түсуінің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Құлдыққа халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы жиі түсіп қалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов айтты.

«Адамдардың құлдыққа түсуіне толыққанды ақпараттың болмауы, құқық сауатсыздығы, арзан жұмыс күшінің қолжетімділігі, шетелдіктердің заңсыз мәртебесі, интернеттің ықпалы, тез әрі жылдам ақша табуға ұмтылу сынды факторлар жиі себеп болады», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, кәмелетке толмағандар мен әйелдер жиі адам саудасымен байланысты қылмыстардың құрбаны болып жатады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бас прокуратура өкілі қазақстандықтар көбіне қай елдерде құлдыққа түсетінін айтқан.

Сондай-ақ, Қазақстанда құлдыққа жегілетіндердің әлеуметтік портреті жайлы жазғанбыз.