Мәскеуге тағы беспилотниктермен шабуыл жасалды

Ulysmedia

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласына тағы беспилотниктермен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС

Беспилотник "Москва-Сити" ғимаратының шатырына түскен. Ешкімнің зардап шекпегені мәлім болды.

«Түнде Мәскеуге украиналық беспилотниктермен шабуыл жасалды. Сити мұнарасының қасбеті аздап бүлінді. Зардап шеккендер жоқ», - дейді Мәскеу мэрі Собянин.

Одан бөлек Мәскеу облысының тағы бір қатар ауданына беспилотниктермен шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.