Мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарылды

Ғалиасқар Думан

Елордада мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасалды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңге құрайтын 5 жер учаскесін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді», - делінген қалалық прокуратураның мәлімдемесінде.

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында 678 млн теңгенің орман учаскесі мемлекетке қайтарылған.