Сүйген қызы қарамай қойған: Қызылордада ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Ғалиасқар Думан

Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 шілдеде болған. Ер адамның мұндай қадамға баруына сүйген қызының қарамай ұоюы себеп болыпты.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп мәлім етті полиция.

Ер адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.