Қаржы пирамидасын құрғаны ақтөбеліктер тергеліп жатыр

Ғалиасқар Думан

Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азамат «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісі бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентация материалдары тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге ​​жатпайды.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі»,  – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім шыққан.