Алексей Луценко италиядағы бір күндік жарыста жеңіске жетті

Ulysmedia

Велоспорттан Қазақстан командасының үздігі Алексей Луценко «Коппа Агостони» біркүндік жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Итлияда өткен бәсекеге «Астана» командасы атынан Мануэле Боаро (Италия), Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Алексей Луценко (Қазақстан), Родриго Контрерас (Колумбия), Маттео Собреро (Италия) қатысқан. 

Луценко мәреге жақындаған тұста барлық қарсыласынан басып озып, жеңіске жетті.