Қазақстандықтардың деректері Ресейдің қауіпсіздік қызметіне беріле ме –"Яндекс.Такси" жауап берді

Ғалиасқар Думан

"Яндекс.Такси"  компаниясы қазақстандықтардың жеке мәліметі ресейлік қауіпсіздік қызметіне берілетіні туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған

Компания өкілдерінің айтуынша, Ресейдегі заңның Қазақстан аумағына және оның тұтынушыларына қатысы жоқ. Себебі такси қызметін Ресей шекарасынан тыс аумақта қолданады.

“Бұл 1 қыркүйектен кейін де өзгермейді”, – делінген хабарламада.

Қазақстанда Яндекс Go сервисін ұсынатын "Яндекс.Такси Корп" ЖШС компаниясы тұтынушылардың жеке мәліметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сай өңдейтіні, соонымен қатар мәлімет иесінің барлық құқықтарын қамтамасыз ететіні атап өтілген. Ал Қазақстандағы сервис жұмысымен байланысты мәліметерді шетелдік құзырлы органдар тек ресми сауал арқылы және халықаралық бекітілген норма аясында сұрай алады. 

"Біздің компания ақпараттардың қауіпсіздігі, қолжетімділігі, тұтастығы жөніндегі SOC2/3 халықаралық есебімен бекітілген қауіпсіздік саясатының жоғары стандартын ұстанады", – дейді компаниядағылар.