Астанада 663 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Ғалиасқар Думан

Астанада мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуы тексерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қалалық прокуратура мәліметінше, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін  663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.

“Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекетке миллиардтаған теңгенің кен орындары қайтарылған.