Қарағандыдағы «Магнумда» кассадан қайтарылған өнімдер тоңазытқышта сақталмай, еденде сақталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде жергілікті азаматтар түсіріп алған видео тарады. Тұрғындардың бірі кассаның бірінде өнімді жерге қарай тығып жатқанын көріп қалған. Ол тауарлардың ішінде тез бұзылатын, тоңазытқышта сақталуы тиіс өнімдер де болған.
«Бұл қалай? "Магнумда" шұжық, ірімшік, тәтті тоқаштар кіржуғыш ұнтақтар мен қоқыс шелегінің жанында лас еденде жатыр», - деп жазады "Патриот".
Сауда желісінің өкілдері бұл жайт жөнінде әлі ресми ақпарат таратқан жоқ.