Жол апаты: екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды

Ulysmedia

Қызылордадағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

ӘӘМ мәліметінше, 12 тамыз күні түнгі сағат 3:00  шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында – Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апатына ұшыраған.

“Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп жазды ведомстводан.