Зеленский сыбайлас жемқорлыққа байланысты барлық әскери комиссарларды қызметінен босатты

Ulysmedia

Украина президенті Владимир Зеленский сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты облыстық әскери комиссариаттардың барлық басшыларын қызметінен босатуды бұйырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Соғыс қимылдары кезінде цинизмді қолдану және пара пайдалану мемлекетке адалдықты бұзатын әрекеттер болып табылады», - деді Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің кезектен тыс отырысының қорытындысын шығара отырып.

Оның сөзіне қарағанда, елде барлығы 112 қылмыстық іс тіркелсе, оларда әскери комиссариаттардың қызметкерлері де бар, оның ішінде 33 адам сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған.

Бұл істердің көпшілігі әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе босату үшін пара алумен байланысты.