Ресейден келген тағы бір спортшы Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетпек

Ulysmedia

Тағы бір ресейлік спортшы азаматтығын ауыстырып, Қазақстан туымен халықаралық жарыстарға қатысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жүзуден Ресей чемпионы атанған София Сподаренко бұдан былай жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды.

Айта кету керек, спортшы Қазақстанда туған, ол азаматтықты қалпына келтіруге шешім қабылдады. Қажетті талаптарды орындаған соң, оған еліміздің ұлттық құрамасына кіруге рұқсат берілді.

Соңғы рет Сподаренко Ресей құрамасының сапында 2019 жылы ойнаған.