Орал тұрғындары жарықсыз қалды

Ulysmedia

Оралда Lada priora бір көшені жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 18 тамыз күні сағат 16:30 шамасында болғанын мәлімдеді.

“Көлікті сүйреуге Toyota көлігімен «Лада» жүргізушісінің досы келген. Олар оқиға орнынан қашып кеткен. Бағанаға соғылған көлік оқиға орнында қалды. Ол айыппұл тұрағында”, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші мен оның досының жеке басын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздеу бөлімі анықтайды.