Қаржы пирамидасына алданған атыраулықтар 50 млн теңгесінен айырылды

Ғалиасқар Думан

Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды

“Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын алматылықтар атышулы Q-net қаржы пирамидасына 75 млн теңге салғаны хабарланған.