Қазақстанның 3 қаласы жылыту маусымына дайын емес

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Үкімет кулуарында Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Бірнеше проблемалық өңір бар. Бірінші кезекте бұл – Риддер. Шахтинскіні де қарап отырмыз. Кентауда да аздаған кестеден кешігу бар», - деді Сәтқалиев.

Министр жылыту маусымына дайындықты кешіктіріп жатқан барлық өңір бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының өкілдерін жібердік. Тәуліктік бақылау жүргізіп, бейнемониторинг жасап жатырмыз. Белгілі бір динамика бар. Ол жақтарда ахуал жақсарып келеді», - деді ведомсвто басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын жылыту маусымына дайындық бойынша 4 өңір жұмыс көлемінің жартысын да бітірмегені хабарланған

Сондай-ақ, былтыр апаттан көз ашпаған Екібастұздың жылу желілерінен 100-ден астам ақау табылған.